Шымкент қаласында жасөспірім бүлдіршінге зорлық көрсетпек болған. Күдікті көшеде кішкентай қызды күштеп ұстап алып, көтеріп, өзімен әкетуге әрекет жасаған. Бұл сәт жеке үйлердің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Шымкент қалалық полиция департаменті бұл деректің расталғанын хабарлап, қылмыстық іс қозғады. Ал күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жасөспірімнің ата-анасы полицияға жеткізілді. Тәртіп сақшылары бүлдіршіннің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ екенін, онымен психолог сұхбат жүргізгенін жеткізді. Қазір тергеу жүріп жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.