Шымкенттік полицей пара алғаны үшін сотталды

Шымкенттік полицей пара алғаны үшін сотталды. Ол енді 6 жылын темір торда өткізеді. Аудандық полиция басқармасының бұрынғы бастығы өткен жылдың тамыз айында ұсталған еді. Ол қылмыстық істі қайта қарау үшін пара алды деп айыпталды. Нақтырақ айтқанда, 6 миллион теңге пара алу арқылы есірткі сату дерегін есірткі сақтау бабына қайта саралап, жазаны жеңілдетпек болған. Алайда ойы жүзеге аспады. Судьяның айтуынша, айыпталушы параның 3 млн теңгесін, көліктің терезесінен лақтырып жіберген. Қалған 3 млн теңге иесіне қайтарылды. Сотталушының кінәсі дәлелденді.
АЙНЕЛЬ ОРАҚБАЕВА, ҚІЖ АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
— ҚК 366-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. ҚК 49-бабы 1-бөлігіне сәйкес, Тлеуов «полиция полковнигі» арнаулы атағынан айырылсын. Тлеуовтен алынбаған пара нысаны ретінде 3 млн теңге мемлекеттің пайдасына өндірілсін.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал