Бес күннен бері Өскеменді қою тұман басып тұр. Осы уақыт аралығында қалада жел соқпады. Тұрғындарының қауіпсіздігі үшін мектептер қашықтан оқыту форматына көшірілді. Жергілікті биліктің мәліметінше, өнеркәсіптік кәсіпорындар өндірістік жүктемені 20-40 пайызға қысқартқан. Сәйкесінше, атмосфераға тарайтын зиянды қалдықтар да азайған. Соған қарамастан ауадағы көміртектің шекті рұқсат етілген мөлшері екі есе, ал күкіртсутектің көрсеткіші шамамен бір жарым есе артқан. Дегенмен өңірлік экология департаменті мәлімдегендей, ауа сапасы орташа деңгейде, халық денсаулығына қауіп төндірмейді.
ФАРХАТ КНАСИЛОВ, ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЗАБ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Әр күн сайын санитарлық қорғау аймақтарында және силтептік аймақтарда өлшеулер жүргізуде. Атмосфералық ауаның жалпы жағдайына ең бірінші автокөліктер, өнеркәсіптік кәсіпорындар, жеке пешпен жылытатын жеке сектор ықпал етеді. Себебі қыстыгүні отын немесе көмір жанған кезде оның ұсақдисперсті қалқымалы бөлшектері ауада ұзақ уақыт сақталады, сондықтан ол да бірталай әсерін тигізеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.