Жамбыл облысында балаларын соққыға жыққан әйелге қатысты іс қозғалды

Жамбыл облысында балаларды ұрып-соғу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада, әлеуметтік желіде қала тұрғынының кәмелетке толмаған ұлын ұрып-соққан видеосы тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, әйе бұл әрекетке бұрынғы «күйеуіне кек қайтару» мақсатында барған болуы мүмкін. Кадрларда оның баланы ұрып, көзіне шам түсіріп, үлкен қызына да ұруға қосылуды талап еткені көрінеді. Полиция оқиға бойынша тексеріс бастап, балаға сот-медициналық сараптама тағайындады. Балалар отбасынан алынып, сәбилер үйіне орналастырылды. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында, жағдайлары тұрақты. Әйелді ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралып жатыр.
ҚҰНДЫЗ БҮГЕНБАЕВА, ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӨКІЛІ:
— Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Әйел адамның өзі оқиғаның барлық мән-жайын толық объективті және жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу шараларының қорытындысчы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал