О. Бектенов жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру мәселесіне арналған кеңес өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасын халыққа түсіндіру мәселесіне арналған кеңес өткізді. Жиын барысында министрліктер мен әкімдіктерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды. Сондай-ақ жалған әрі бұрмаланған ақпараттардың таралуына жол бермеу қажеттігі айтылып, мұндай деректерге қатысты қатаң құқықтық шаралар қабылдау міндеттелді. Ақпараттық жұмысты үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал