Президент 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Ақорданың телеграм парақшасында осындай ақпарат тарады. Сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Шахбаз Шарифпен және Президент Асиф Али Зардаримен келіссөздер жүргізеді. Саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды. Сонымен қатар Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысу жоспарланған.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.