Экстримді жақсы көретіндерге ақпарат. Петропавлда қысқы дрифтен ел кубогының екінші кезеңі өтті.
Қала іргесіндегі «Алакөл» көліндегі шараға Астана, Қостанай, Көкшетау және көрші Ресейдің Екатеринбург, Омбы секілді бірнеше қаладан 32 спортшы қатысты. Эктремалды жарысты тамашалауға келген көрерменнің санында шек болмады. Ұйымдастырушылардың сөзінше, қазіргі таңда спорттың бұл түрі әсіресе жастар арасында кеңінен насихатталуда. Мұз үстінде ойнақтағандар таңнан кешке дейін жекелей және командалық сында өзара мықтыны анықтады. Небір қиылыс пен қалтарыста көлікті емін-еркін басқарған жүргізушілердің шеберлігі жұртшылықты таңдай қақтырды. Байқау қортындысы бойынша, жалпы командалық есепте- қостанайлықтар топ жарды.
АЗАТ ӘБДІРАХМАНОВ, ЖАРЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:
— Бұрындары мұндай сайыстар қаладан 12 шақырым жерде ұйымдастырылатын еді. Салдарынан халықтың дені ол жаққа жете алмай, көрермен саны аз болатын. Биыл, міне, Алакөлде, яғни қала аумағында өткізілуде. Енді бұл жарысты игі дәстүрге айналдыруды жоспарлап отырмыз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.