Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ҚАСБЕТТЕН ҚАУІП
Қасбеттен тағы қауіп төнді. Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінің сыртындағы жабынды құлап, бір көлікті зақымдады. Енді тұрғындар үйден шығуға қорқып отыр. Мұндай жағдайда не істеу керек? Заңгердің кеңесін ұсынамыз.
АРАМЗА ЕМШІ
TikTok-та аккаунт ашып, өтірік кісі емдеген күдікті сотталды. Астана тұрғыны қалың елді алдап, одан түскен 5,5 млн теңгені букмекерлік кеңсеге бәске тіккен. Аңқау елге аразма емшіні қандай жаза күтіп тұр?
ТҮТІНГЕ ТҰНШЫҚТЫ
Бес күннен бері Өскеменде көк түтін тарқамай тұр. Балалар тұншығып қалмас үшін барлық мектеп қашықтан оқу форматына көшті. Мамандар бұған ауа райы себеп деп отыр. Қалада шөптің басын қимылдатар жел жоқ.
ТУРИЗМ БАҒЫТЫ АУЫСТЫ
Соңғы кезде Қазақстан жұрты шетелде демалу бағытын өзгертті. Халық бұрынғыдай Түркияға ағылмайды. Таиланд пен Вьетнамға баруды жөн санайды. Мұның сыры неде? Тілшіміз зерттеп көрді.
МҰЗ ҮСТІНДЕГІ ЖАРЫС
Петропавлда қысқы дрифтен ел кубогының екінші кезеңі өтті.
Қала іргесіндегі Алакөлде ұйымдастырылған шараға 32 спортшы қатысты. Эктремалды жарысты тамашалауға жиналған жұрттың қарасы да қалың болды.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.