Таразда баласын ұрды деп айыпталған әйел қазір психикалық денсаулық орталығында болуы мүмкін. Келіншектің күйеуі арнамызға берген сұхбатында осылай айтты. Айта кетейік, әйел адамның өз ұлын сабап жатқан видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын. Осыдан кейін полиция дереу тексеріс бастап, балалар сәбилер үйіне орналастырылды.
АЙДАР НҰРЛАНҰЛЫ, ӘКЕСІ:
— Қазір бала-шағама тәтті-мәтті алдым. Ал анасы психдипсансерде жатыр.
Ал өз баласына қол көтерген келіншек бұл әрекетке күйеуіне ерегісіп барғанын айтады. Әлеуметтік желідегі парақшасында осындай жазба жариялады. Соңғы дерек бойынша, қазір әйел адамды ата-ана құқынан айыру мәселесі қаралып жатыр. Ал біз келіншектің жазбасын назарларыңызға ұсынамыз.
АЙЖАН ҚАНАТБЕК, АНА:
— Баланы қатты ұрған жоқпын. Екі рет оң жақ бетінен шапалақпен ұрдым. Қатты емес, жай ғана. Жүрегім ауырып, жұбатқанымды екінші видеодан көрсеңіздер болады. Екінші видеода қызыма ұрғызғанмын.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.