Ақтөбе облысында сабақ үстінде босанған 14 жастағы қыздың ісі бойынша сот үкімі шықты. Күдікті 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Естеріңізде болса, оқушы алпыстан асқан нағашы атасынан жүкті болып қалған. Ол туған атасы емес. Осыған байланысты, полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті қамауға алынды. Балалардың құқығын қорғау комитеті- жағдайды бақылауға алды. Айта кетейін, 14 жастағы қыздың аяғы ауыр екенін туыстары да, мектеп мұғалімдері де білмеген.
АЛТЫНБЕК САБЫРОВ, МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
— ҚР кодекстің 58-бабы 4-бөлігінің негізінде қылмыстық құқықбұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау рөлі мен түпкілікті педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 21 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу тағайындалсын.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.