Атырауда ерлі-зайыптының өліміне қатысты күдікті әлі табылған жоқ

Атырау облысы Жангелдин ауылындағы жантүршігерлік істе күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемәлиев пен қаза тапқан ерлі-зайыптының қызы Ақбаян Мұқанғалиева әлі іздестіріліп жатыр. Олардың 3 баласы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына, ал 3 және бір жарым жасар екі сәбиі балалар үйіне орналастырылды. Бұған дейін олар ата-әжесінің қолында болған. Полиция департаментінің ұсыныс-хатына сәйкес, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия осындай тоқтамға келді.
ВЕНЕРА ҚАБЫШЕВА, МАХАМБЕТ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Мәселе Атырау облыстық Полиция департаментінен келіп түскен ұсыныс-хат негізінде қаралды. Қазіргі жағдайда балалардың жағдайы бақылауда. Сонымен қатар балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органдар тиісті жұмыстар жүргізуде.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал