Енді қызылшаға қарсы екпесі жоқ балалар елорда ауруханаларының табалдырығын аттамайды. Астана қаласының санитариялық дәрігері жоспарлы түрде жатқызуға шектеу енгізді. Жаңа қаулы, күшіне енді. Бұған не себеп?
Алаңдайтын жағдай. Қаңтар айында ғана Астанада қызылшамен аурудың 581 жағдайы тіркелген. Науқастанған балалардың 95 пайызы екпе алмаған. Мамандардың айтуынша, қызылша өте тез тарайды. Ауада екі сағат бойы сақталатын инфекцияны әсіресе екпесі жоқ балалар оңай жұқтырып алады. Айналасына да осылайша жылдам жетеді. Сондықтан Астанада тұратын балалар бұл ауруға қарсы екпесі болмаса, жоспарлы түрде ауруханаға жата алмайды.
ЖАННА ПІРӘЛИЕВА, ҚАЛАЛЫҚ СЭБД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Бұл тек ауруханаға жоспарлы түрде жататын балаларға қатысты. Өйткені олар алдын ала құжаттарын дайындайды. Олар отаға дайындалады. Созылмалы аурулар профилактикалық емдеуге алдын ала дайындаған кезде олардың екпе туралы мәліметі болуы керек.
Қызылшаның күрт көбеюіне байланысты қалада сәбилер мен жасөспірімдерге арналған қосымша иммундау ұйымдастырылмақ. Бұл – екпе алмағандар қосымша үшін мүмкіндік. Ал қаладағы балабақшаларда қазір балақайлардың денсаулығын есіктен кіре тексеру қолға алынған. Егер қызылшаға күдік болса, дереу тиісті шаралар қабылданады.
Осылайша, отбасында да әр баланың денсаулығына мұқият болу керек. Сақтықта қорлық жоқ. Вакцинадан бас тартқанша, балаға екпе салдыртқан әлдеқайда дұрыс деп есептейді тұрғындардың дені.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді. Қазақстанда міндетті 11 екпе бар болса, соның бірі – қызылшаға қарсы вакцинация. Екпеге ешқандай ақша төлеудің қажеті жоқ, тегін жасалады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.