Еліміздегі мектеп пен балабақшаларға санитарлық бақылау ескертусіз жүргізіледі. Яғни, мамандар бұл мекемелерді аяқ асты тексереді. Өйткені соңғы кезде асхананың ахуалы, ғимараттың тазалығы мен мед кабинеттердің жай-күйі алаңдата бастады. Салалық ведомство өкілдерінің мәліметінше, жаңа талап білім беру ұйымы басшыларының жауапкершілігін арттырып, бала денсаулығына төнетін қауіпті азайтады.
ӘСЕЛ БИТАЕВА, СЭБ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Бұл тексерістер барысында бұзушылық анықталса, бірден айыппұл салынбай, алдымен ұйғарым беріледі. Уақыт беріледі. Ал егер баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін болса, онда тез арада шара қолданады. Ол – субъектінің жұмысын тоқтату немесе қызметкерлерді уақытша жұмыстан шеттету сияқты шаралар.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.