Қызылордада әскерилер мінген көлік апатқа ұшырады

Қызылордада әскерилер мінген көлік апатқа ұшырады.
Полиция Департаментінің мәліметінше, оқиға Сырдария ауданының тұсында болған. Жүк көлігінің ішінде әскерилер мен жауынгерлер болған. Олар дін аман. Ал жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
РАХЫМЖАН СҰЛТАНҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД АНЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ М.А.:
— Екі автокөліктің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан бір автокөлік өртеніп, жүргізушісі қайтыс болды. Қызылорда облыстық ПД жол көлік оқиғасында адамның қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қоғалып, қазіргі уақытта тергеп-тексеру жүргізілуде.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал