Бес өңір биыл көктемде суға кетуі мүмкін. Олар – Ақмола, Қарағанды, Абай, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары. Бұл аймақтарда топырақ қатып тұр және қар көп. «Қазгидромет» мамандары күзде жердің қаншалықты ылғал болғанын, қыста қанша қар мен жаңбыр түскенін, топырақтың қаншалықты қатқанын және өзендердегі мұздың жағдайын есепке алып, осындай болжам жасап отыр. Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ұлытау, Павлодар, Түркістан, Алматы және Жетісу облыстары орташа тәуекел аймағында. Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Жамбыл облыстарында тасқын қаупі төмен деп бағаланды. Синоптиктер алдағы наурыз айы жылы әрі жаңбырлы болатынын ескертеді. Бұл жағдай қардың тез еруіне және өзен-көлдердегі су деңгейінің көтерілуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан, жергілікті билікті сақтық шараларын күшейтуге шақырады. Мәселен, ақтөбелік құтқарушылар тасқынға дайындықты бастап кеткен.
ӘЛІШЕР САРЫБАЕВ, ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:
— Көктемгі мезгілде елдімекендерге көлік қатынасын қамтамасыз ету мақсатында облыстың автожолдарында үш көпір тұрғызылып, 197 өткізу құбырына және 42 көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Елді мекендерден 151 мыңнан астам тонна қар шығарылды. Көктемгі мезгілде 2000 астам адам, 800 бірлік техника, 400 астам мотопомпа, жүзден астам жүзу құралы әзірлікке келтірілді. Сонымен қатар қаптар, инертті материалдар, азық-түлік қоры, жанар-жағармай қоры дайындалды. 34 мың адам сыятын 199 уақытша орналасу пунктері дайындалды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.