Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ЕР МЕ, ЕЗ БЕ?
Араққа тойып алып, ақылынан адасқан әке, көкала қойдай болып таяқ жеген бала. Жетісу облысында жантүршігерлік жағдай болды. Қазір бүлдіршін ауруханада. Ал үш жасар қызын өлімші етіп сабаған адам қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалды.
ЕКПЕ БОЛМАСА, ӨКПЕЛЕМЕҢІЗ!
Енді қызылшаға қарсы екпесі жоқ балалар елорда ауруханаларының табалдырығын аттамайды. Астана қаласының санитариялық дәрігері жоспарлы түрде жатқызуға шектеу енгізді. Бұған ең алдымен эпидемиалогиялық жағдайдың нашарлауы себеп.
АЙТПАЙ ТЕКСЕРЕДІ
Ал еліміздегі мектеп мен балабақшаларға санитарлық бақылау ескертусіз жүргізіледі. Яғни мамандар бұл мекемелерді аяқ асты тексереді. Өйткені соңғы кезде асхананың ахуалы, ғимараттың тазалығы мен мед кабинеттердің жай-күйі алаңдата бастады.
КӨКТЕМ КЕЛЕ ЖАТЫР
Көктем қыр астында. Ал апат айтып келмейді. Синоптиктер алдағы наурыз айы жылы әрі жаңбырлы болатынын ескертеді. Егер жер тоңы тез жібімесе, қызыл су сіңбей, сай-сала мен ауыл-аймаққа сырғиды. Ендеше, су тасқынына дайындық қалай? Қай өңірлерге қауіп бар?
БАЛЫҚШЫ ҚАПЕРІНЕ!
Қапшағайда қалың балықшы заң бұзып жүр. Соңғы айларда өңірде 150-ге жуық хаттама толтырылған. Жалпы жолдамасыз балық аулағандарға 40 мың теңге көлемінде айыппұл салынады.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.