Доллар арзандап жатыр. Биржада доллар бағамы 500 теңгеден төмен түсті. Сауда қорытындысы бойынша, бір доллардың құны 498 теңге 65 тиын болды. Сөйтіп, бір тәулікте, АҚШ валютасы 4 теңге 4 тиынға арзандаған. Ал айырбастау пунктерінде сатып алу 496-499 теңге, сату 500-503 теңге аралығында белгіленген. Экономикалық сарапшылар мұны- АҚШ валютасына деген сенімнің әлсіреуімен, мұнай бағасының өзгеруімен байланыстырады. Сонымен қатар экономикадағы доллар үлесінің азаюы да әсер еткенін айтады. Дегенмен мамандар екінші тоқсанда доллар қайта қымбаттауы мүмкін деген болжам айтып отыр.
Еске салайық, 23 қаңтарда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтап, бұл көрсеткіштің кемінде алдағы алты айда өзгермейтінін мәлімдеген еді.
БАУЫРЖАН ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ САРАПШЫ:
— Дәл қазіргі фактор бұл теңгенің құнын көтеруге болады деген сенімділікті әкелуі керек деп ойлаймын. Салық кодексі де, болып жатқан экономикалық реформалар да осы бағытта жұмыс істеуі керек. Импортқа тәуелділігімізді азайтып, отандық тауар өндірушілердің үлесін көбейтетін болсақ, әрине, кем дегенде осы шекті ұстап қалуға мүміндігіміз бар.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.