Шымкентте үй жинауға келген әйелді өлтіріп, денесін қоқысқа тастаған 17 жастағы жасөспірімге қатысты апелляциялық сот отырысы басталды. Айыпталушы 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған еді. Сот оны қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен кінәлі деп танып, «Мәйітті қорлау» бабы бойынша ақтаған еді. Алайда марқұмның жақындары сот үкімімен келіспейді. Олар күдіктінің мәйітті қорлағанына сенімді әрі берілген жаза мерзімі тым аз екенін айтады.
Еске салайық, оқиға өткен жылдың шілде айында болған еді. Бірнеше күн қоқыста жатқан мәйітті көшедегі қызметкерлер тауып алған. Он тәулік бойы іздестірілген әйелдің денесі бірнеше жерінен пышақталған. 26 жастағы келіншек қосымша табыс табу үшін біреудің үйін тазалауға барған. Марқұмның артында күйеуі мен кәмелетке толмаған 2 баласы қалды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.