Шымкенттен тағы бір ақпарат. Нұрай Серікбайды өлтірді деп айыпталған күдіктіге қатысты тың дерек. Марқұмның туыстарының адвокаттары мәлімдесе жасады. Олардың айтуынша, іс бойынша «Адам өлтіру», «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру» бабына өзгертілді. Мұндай жағдайда өмір бойы соттау жазасы қарастырылған. Айта кетейік, күдікті қыз баланы артынан бірнеше ай бойы аңдып, кейін пышақтап өлтірген болатын.
СЕРЖАН НҰРПЕЙІСОВ, АДВОКАТ:
— Бүгінгі таңда Серікбай Нұрайдың кісі қолынан қаза табу дерегі бойынша күдікті Шерханның әрекеті ҚК 99-бабы 1-бөлігінен 99-баптың 2-бөілігі 5-тармағына қайта сараланды. Яғни, «аса қатігездікпен адам өлтіру» дерегі бойынша. Бұл бап бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Бүгінгі таңда күдіктінің әрекеті «Сталкинг», «Некеге мәжбүрлеу» және «Аса қатігездікпен адам өлтіру» баптары бойынша сараланып отыр. Судья жаза тағайындауда мұның бәрін міндетті түрде ескеріп, өз бағасын беріп, әділ жаза тағайындайтынына сенеміз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.