Буллингке ұшыраған қыздың ата-анасы мектеп басшылығының жауапкершілікке тартылғанын қалайды

Элиталық жекеменшік мектеп төңірегіндегі дау әлі басылар емес. Әкесінің мәлімдеуінше, мектепте қызына буллинг жасалған. Салдарынан қызы өзіне қол салмақ болып, жансақтау бөліміне түскен. Қазір ауруханадан шығарылды, жағдайы бірқалыпты. Осы уақытта полиция тексеру жүргізіп, қылмыстық істі жабу туралы шешім қабылдаған. Қыздың әкесі бұл шешімге толықтай қарсы екенін білдірді. Бұдан бөлек, ер адам мектеп тарапынан қатаң қысым жасалып отырғанын алға тартады. Қазіргі уақытта отбасы балаларын онлайн оқыту форматына көшірген. Сонымен қатар шетелдік ұйымдарға арыз-шағымдар жолдап, шетелдік жекеменшік мектептерге бақылауды күшейту секілді жүйелі өзгерістерді талап етіп отыр. Зардап шеккен қыздың ата-анасы мектеп басшылығының жауапкершілікке тартылғанын, сыныпқа жауапты болған мұғалімнің қызметтен босатылуын талап етіп отыр.
ҚАНАТ ӘМІРКИН, ҚЫЗДЫҢ ӘКЕСІ:
— Бірақ таңертең мен қылмыстық істің жабылғанын білдім. Егер логикалық тұрғыдан қарасақ, олар сыныптастары мен мұғалімдерді тергеуге алу керек еді. Оған жеткілікті уақыт керек. Сыныптастары кәмелеттік жасқа толмағандықтан олардың ата-аналарының рұқсатын алу керек. Сәйкесінше, осындай қысқа уақыт аралығында үлгерулері мүмкін емес, сол себепті істі заңсыз жауып тастады деп ойлаймын.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал