e-Өтініш платформасы арқылы қазақстандықтардан Конституциялық реформаға қатысты түскен өтініш саны төрт мыңнан асқан. Бұл туралы Комиссияның кезекті отырысында Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры мәлімдеді. Оның айтуынша, ұсыныстар тек сарапшылардан ғана емес, сондай-ақ адвокаттар қауымдастығынан да келіп түсуде. Жандос Шаймардановтың сөзінше, бұл ел тұрғындарының өзгерістерді конструктивті түрде және оң көзқараспен қабылдап отырғанын көрсетеді. Ұсыныстарда Конституция нормалары нақты болып, қазақстандықтардың күнделікті өміріне тікелей әсер етуі тиіс деген күтілім айқын байқалады.
ЖАНДОС ШАЙМАРДАНОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ СЗИ ДИРЕКТОРЫ:
— Жаңа Контитуция жобасын талқылау барысында Ата Заңға деген қоғамдық көзқарастың өзгеріп келе жатқаныны байқалады. Азаматтардың едәуір бөлігі Конституцияны тек мемлекеттік билік органдардың өкілеттіктерін айқындайтын құқықтық құжат ретінде ғана емес, сондай ақ мемлекеттің дамуына бағыт бағдар беретін, құндылықтар мен қағидаттарды бекітетін тұғырлы мәтін ретінде қабылдай бастады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.