Пәкістан Премьер-министрінің резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекет басшысын Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф күтіп алды. Қазақстан Президенті мен Пәкістан Премьер-министрі суретке түскен соң, екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды. Содан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Кейін тараптар шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесу барысында сауда, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, ғарыш және қаржы салаларындағы қарым-қатынасты тереңдетуге баса назар аударылды. Сапар аясында 70-тен астам құжатқа, оның ішінде 20-дан астам коммерциялық келісімге қол қою жоспарланған. «Қазақстан – Түрікменстан – Ауғанстан – Пәкістан» теміржолын салу жобасы да қарастырылып отыр. Бұдан бөлек, Қазақстан Пәкістанға 600 электр автобусын жеткізетін болды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.