Шығыс Қазақстан облысында реабилитолог-дәрігерлер нүктелік әсері бар жаңа физиотерапиялық аппараттарды сынақтан өткізіп жатыр. Мұндай қондырғылар өңірде алғаш рет қолданылып отыр. Мамандардың айтуынша, құрылғы ашық жараның жазылу мерзімін 15 есе қысқартады. Қазір емдеу тәсілдерін жаңарту қажеттілігі туған. Себебі физиотерапевт дәрігерлерге түсетін жүктеме жыл сайын артып келеді. Былтыр Өскемендегі оңалту орталығы 5 мыңнан астам науқасты қабылдаса, ем алуға кезекте тұрғандар саны одан екі есе көп болған. Сонымен қатар өңірде дәрігер тапшылығы байқалады. Орталыққа ақылы қызметтен түскен қаржы есебінен жас мамандар резидентурада оқытылып жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.