Оралда Ақжайық шағын ауданы мен қала орталығын байланыстыратын көпір салынады

Оралда жаңадан бой көтеріп жатқан Ақжайық шағын ауданы мен қала орталығын байланыстыратын жаңа көпір салынады. Бұл мәселе бұған дейін бірнеше рет көтеріліп, талай әкім ауысса да аяқсыз қалып келген. Бастапқыда 11 млрд теңге деп есептелген жоба құны қазір 35 млрд-қа жетті. Бүгінде Зашаған кентінде 80 мыңнан астам адам тұрады. Ал жаңа ауданға тағы 70 мыңдай адам қоныстанады деген болжам бар. Әзірге жұрт бұрынғы жалғыз көпірмен қатынап жүр. Биыл жаңа көпірдің жобалау жұмыстары аяқталып, 2027 жылы қадасы қағылмақ. Жалпы ұзындығы 4 шақырымнан асады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал