Табиғат жанашырлары үш күн, үш түн кірпік қақпай қар барысын күзетті. Жануарға өзге жыртқыш тиіскен жоқ. Қауіп кәдімгі адамдардан болды. Жуырда Қызыл кітапқа енген сирек жануар Алматы тауларында, Үлкен Алматы көлі маңында бейнекамераға түсіп қалған. Осы кадр жарияланғаннан кейін қар барысын көруге асыққан адам қарасы күрт көбейіп кеткен. «Бірақ олар, ең алдымен, қауіпсіздікті және қоршаған ортаның қарапайым ережелерін сақтамайды», — дейді қорық қызметкерлері. Сондықтан туристерді табиғатқа жауапкершілікпен қарауға шақырады. Қазақстанда 150-ден сәл асатын қар барысы бар. Яғни, сирек кездесетін аңды қызғыштай қоруымыз керек.
КОНСТАНТИН ПЛАХОВ, ЗООЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ ЗО МЕҢГЕРУШІСІ:
— Адамдар өзін дұрыс ұстамайды. Ұзақ уақыт бойы аңға мазасыздық тудырды. Айқай-шу, шамдардың жарығы, дрондар мұның бәрі жануарға қатты әсер етеді. Мінез-құлқына қарағанда, бұл – жас барыс. Әдетте қар барысы екі жасқа толғанда анасынан бөлініп, өз аумағын іздей бастайды. Осы барыс та өз мекенін іздеп жүрген тәрізді. Алайда адамдардың қысымынан ол бұл жерден кетуге мәжбүр болды. Институт мамандары шағын зерттеу жүргізді. Барыстың мойнына спутник арқылы бақылау бауы тағылды. Кейін қауіпсіз аумаққа көшірілді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.