Жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынуы мүмкін | 04.02.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ҮКІМГЕ УӘЖ
Шымкентте үй тазалауға келген әйелді қорлап өлтірген жасөспірімнің адвокаттары үкімді өзгертуге ниетті. Олар сот кескен жеті жарым жыл жаза ауыр деп шағым түсірген. Бүгін іс қайта қаралып, апелляциялық сот отырысы өтті.

ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ӘКЕ
Әкенің бала баққан уақыты еңбек өтіліне енеді. Бұл зейнетке шығар кезде ескеріледі. Сонымен қатар ерлерге де «жалғызбасты» деген мәртебе беріледі. Яғни баланы әкесіз немесе шешесіз асырап отырған адамды себепсіз жұмыстан шығаруға болмайды. Мәжілісте осындай заң жобасы қаралды.

ЖАҢА МҮМКІНДІК
Қазір елде қарызға белшеден батып, барлық есеп-шоты бұғатталған адам көп. Олардың заңды түрде табыс табу мүмкіндігі жоқ. Сондықтан депутаттар қарызы барларға қолма-қол айлық төлеу жүйесін енгізуді ұсынды. Бұл азаматтарды масылдыққа алып келмей ме?

ЖАЯУ ТҰРҒЫН
Атыраудағы 37 лифт қалт-құлт етіп әзер жұмыс істеп тұр. Артық жүк артса, үзіліп кетуі де мүмкін. Ал бұл жедел сатыларды жөндеуге республикалық бюджеттен 1 млрд-қа жуық теңге сұратылған. Бірақ ұсыныс қолдау таппады. Енді тұрғындар жоғары қабатқа жаяу көтеріледі.

КИІК ЕТІ ҚАЛБЫРДА
Оралда бұқтырылған киік еті сатыла бастады. Таңсық тағамға сұраныс бар. Бірақ бұл ет қандай жолмен қалбырланып жатыр? Қасиетті жануарды аулау және сою талабын кім қадағалайды? Тілшіміз зерттеп көрді.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал