Жапонияда қалың қар жауды. Кей өңірде оның қалыңдығы 4,5 метрге дейін жетті. Салдарынан 35 адам ажал құшты. Жергілікті биліктің хабарлауынша, соңғы 20 күнде толассыз жауған қардан 358 адам жарақат алған. Қазір көптеген ауданда мектеп жабылып, ішінара қоғамдық көлік тоқтаған. Метеорологтар қар әлі де жауады деп отыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.