Шымкентте күн 17 градусқа дейін жылынды

Шымкентте көктемнің нышаны біліне бастады. Күн 17 градусқа дейін жылынып, алғашқы бәйшешек бүр жарды. Қала жұрты жаппай серуенге шықты. Балмұздақ сататын дүңгіршектердің маңында ұзын сонар кезек пайда болды. Синоптиктер алдағы демалыста, күн 19 градусқа дейін жылынады деп болжайды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал