Ақтөбе облысында Ойыл, Үлкен Қобда, Шолақ өзендеріндегі мұз жарылады. Аймақта су тасқынына дайындық басталып кетті. Төтенше жағдайлар қызметі екі жыл бұрын қызыл судың ортасында қалған Ойыл және Қобда аудандарын бақылауда ұстап отыр. Ойылдың Қаратал ауылында салынған қорғаныс бөгеті былтыр су сынағынан сәтті өткен. Қобда ауылындағы екі бөгет пен су бұру арнасы да тасқынға төтеп берген. Биыл өңірде өзен арналарының жағасын нығайту, тазарту, тереңдету, қорғаныс бөгеттерін жөндеу, су бұру арналарын салу жұмыстары істелген. Елді мекендерден 150 мың тонна қар шығарылған. «Облыс тасқынға дайын», — дейді төтенше жағдайлар департаменті басшылығы.
Заг: Астана – Павлодар тас жолында жылдамдық уақытша шектеледі
Астана – Павлодар тас жолында жылдамдық уақытша шектеледі. 9 ақпаннан бастап бұл бағыттағы жылдамдықты сағатына 110 шақырымнан асыруға болмайды. «ҚазАвтоЖол» компаниясының хабарлауынша, бұл – Ішкі істер министрлігінің шешімі. Қарлы боран мен жолдағы көріну деңгейінің төмендеуі салдарынан, жол апаты жиілеген. Оның үстіне көктайғақ. Сондықтан бұл шектеу көктемге дейін күшінде болады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.