Такси жүргізушісі жол үстінде көз жұмды. Оның жүрегі ұстап қалып, 4 жеңіл көлік пен автобусқа соғылған. Жол көлік оқиғасы Алматы қаласының қақ ортасында болды. Қалалық полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Аталған жол-көлік оқиғасы сағат 10:30-да Бостандық ауданында орын алды. Денсаулығының күрт нашарлауына байланысты 50 жастағы ер азамат тізгінде отырып, 5 автокөлікті соққан болатын. Содан кейін өзі жан тәсілім етті. Алдын ала болжам бойынша, жүрегінің ақауы өлімнің себебі болуы мүмкін. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізілуде.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.