Алматы облысының Райымбек ауданында бір отбасының 4 мүшесі ыстан уланып, қаза болды. Оның үшеуі – ересек адам, біреуі – бір жарым жастағы сәби. Оқиға Сарыбастау ауылының іргесіндегі шаруа қожалықтарының бірінде болған. Бақилық болған адамдардың туыстары ағайындарынан екі апта бойы хабар ала алмағандықтан, үйді өз беттерінше тексеріп, аудандық полиция бөліміне қоңырау шалған. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, тексеру жүріп жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.