Солтүстік Қазақстан облысында 10-сынып оқушысы сірке суына уланып қалды. Оқиға Айыртау ауданына қарасты Гусаковка орта мектебінде болды. Қыз баланың сірке суын ішіп тұрғанын мұғалімдер көріп, дереу жедел-жәрдем шақырған. Мамандар оны санавиациямен облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Алдын ала болжам бойынша, бұл жағдайға буллинг себеп болуы мүмкін. Қазір қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
ГҮЛНӘР ҚАЛИЕВА, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Ішкі органдарын химиялық күйік шалған. Жағдайы – өте ауыр. Нақты болжам жасауға әлі ерте. Бірақ науқас толықтай ем қабылдап жатыр. Барлық медициналық көмек көрсетілуде.
ӘСЕЛ ОРАЗБАЕВА, БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Мектепке психологиялық қолдау орталығы мамандарынан құралған мобильді топ жіберілді. Білім басқармасы медициналық қызметпен және құқық қорғау органдарымен тікелей байланыста. Қандай себептен болғанын анықтайды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.