Мұндайда мал құлағы саңырау деуші еді. Ақтөбе облысы Алға ауданына қарасты Бесқопа ауылында сұмдық оқиға болды. Удай мас 53 жастағы ер адам үйде жалғыз қалған 22 жастағы келінін зорлаған. Алайда сотта күдікті бет бақтырмай, Бесқопағады бетсіздікті мойындамаған. Қалай болған күнде де, қайын ата қарабет болды. Сотта оның азғындық әрекеті дәлелденіп, үкім кесілді.
ЖАНСАЯ ТАИРОВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық Кодекстің 120-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім Заңды күшіне енген жоқ.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.