Жанабыловтар үйқамаққа алынды

Елордалық ерлі-зайыпты блогерлер үйқамаққа алынды. Олардың қымбат 10 көлігіне түгел тоқтау қойылды. Күдіктілерге әлеуметтік желіде заңсыз ұтыс ойынын ұйымдастырып, құны көк тиын курс сатты деген айып тағылды. Мәселен, блогерлер жария түрде ең көп репост жасаған қатысушыға он бірінші автокөлік табысталғаны туралы жариялаған. Іс жүзінде жеңімпаз да анықталмаған, сыйлық та табысталмаған. Тергеу дерегінше, олар Instagram-дағы 15 млн оқырманның сенімін, заңсыз табыс көзіне айналдырған. Осылайша, желі арқылы 247 млн теңге табыс тапқан. Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Нәтижесінде, азаматтардан «Zhana Business» ЖШС-нің бақылауындағы шоттарға түскен қаражаттың жалпы сомасы 247,5 млн теңгені құраған, оның 60 млн теңгесі депозиттік шоттарға орналастырылған. Сот санкциясымен 17 iPhone ұялы телефонына және Lamborghini Urus пен Lexus LX 600 автокөліктерін қоса алғанда, 10 автокөлікке тыйым салынды. Күдіктілерге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал