Кәсіби білімі жоқ психологтар енді заңмен қудаланады

Жалған психологтардың беті ашылатын күн жақын. Кәсіби білімі болмаса да, өзін психологпын деп атап, жұртты қабылдап, біліксіз психологиялық көмек көрсетіп жүргендердің әрекеті енді заңмен қудаланбақ. Мәжіліс тиісті заң жобасын жұмысқа алды. Қазір психиатриялық қызмет қана заңмен реттелген. Ал психолог атағын иемденгісі келетіндер үшін нақты ереже де, сүзгі де жоқтың қасы. Соның салдарынан әлеуметтік желілерде жалған психолог көбейіп, олар сенгіш адамдардың мәселесін табыс көзіне айналдырып отыр. Заң жобасының авторы мұндайларды тезге салатын заңды осы сессия біткенше қабылдаймыз деп мәлімдеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал