Шымкент қаласы полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды. Бүгін Ішкі істер министрі жеке құрамға департаменттің жетекшісі Мұхтар Қожаевты таныстырды. Ол бұған дейін ведомствоның тергеу департаментін басқарған. Полиция генерал-майоры еңбек жолында тергеушіден бастап орталық аппарат департаментінің басшысына дейін қызмет еткен.
Айта кетейік, Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы өңірдегі соңғы оқиғаларға байланысты криминалдық жағдайдың ушығып кеткеніне тоқталып, қоғамдық тәртіпке қатысты сын айтқан еді. Қызметтік тексерістен соң, құқықтық тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз етпегені үшін полиция департаментінің бастығы мен оның бірқатар орынбасары қызметтен босатылып, аудандық бөлініс басшылары ішкі істер органдарынан шығарылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.