Теңгені жаңа Конституцияда бекіту ұсынылды

Теңгені жаңа Конституцияда бекіту керек. Мұндай бастама Конституциялық комиссияның сегізінші отырысында көтерілді. Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Конституциялық комиссияға Конституция жобасына «Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге» деген, нақты тұжырымды енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Қазір теңгенің мәртебесі «Ұлттық банк туралы» заңмен реттеледі. Ал Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жаңа Конституцияның қажеттілігін, маңыздылығын көпшілік дұрыс қабылдап жатқанын айтты.

ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:
– Жаңа Конституциядағы ондағы жаңа мәтінді жас та, үлкен де бірдей түсініп, қабылдай алады. Бұл – қоғам назарына талқылауға ұсынылған Конституцияның жаңа мәтінінің бір үлкен артықшылығы. Оны бірқатар азамат осы күндері әлеуметтік желілерде қолдап, пікір жазуда. Ал бұл жұмыс кейбіреулер ойлап жүргендей, 1-2 аптада емес, жарты жылға жуық уақыт бойы жүргізіліп келе жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал