БҚО-да «Даму бала» платформасы жұмысын тоқтатты

Батыс Қазақстан облысында «Даму бала» платформасы жұмысын тоқтатты. Бүгінде 2,7 млрд теңгеге жасалған келісімшарттың мерзімі бітті. Арнайы тексеріс нәтижесінде бірқатар кемшілік анықталған. Мысалы, құжатта көрсетілген жаттықтырушылар мен спортпен шұғылданушы бала саны іс жүзінде сәйкес болмай шыққан. Бір мыңнан астам бала үйірмеге мүлдем бармаған. Ал дене шынықтыру залы деп белгіленген ғимарат шын мәнінде жоқ немесе көлік жөндеу орталығы болып шыққан. Енді жүйенің «QADAM AI» платформасына көшірілуіне байланысты өңірдегі барлық үйірме жұмысын уақытша тоқтатты.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал