Ақтөбе облысында қайын атасы келінін зорлаған | 05.02.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

БУЛЛИНГ КЕСІРІ
Әлеуметтік желі кесірге айналып барады. Солтүстік Қазақстан облысының Гусаковка ауылында оқушы сірке суын ішіп, жансақтау бөліміне түсті. Оқиғаға буллинг себеп болуы мүмкін. Мән-жай анықталып жатыр.

КЕЛІНІН ЗОРЛАҒАН
Бесқопағады бетсіздік. Ақтөбе облысының Алға ауданында азғындық әрекет шарықтау шегіне жетті. Қайын атасы келінін зорлаған. Сот оның кінәсін дәлелдеп, 8 жылға бас бостандығынан айырды.

ҮЙҚАМАҚҚА АЛЫНДЫ
Елордалық ерлі-зайыпты блогерлер үйқамаққа алынды. Олардың қымбат 10 көлігіне түгел тоқтау қойылды. Күдіктілерге әлеуметтік желіде заңсыз ұтыс ұйымдастырып, құны көк тиын курс сатты деген айып тағылды. Жанабыловтар желі арқылы 247 млн теңге табыс тапқан.

ПӘКІСТАНҒА САПАР
«Қазақстан-Пәкістан» бизнес-форумы аяқталды. Шара аясында 200 млн доллардың 30-дан астам бірлескен келісімшарты жасалды. Президенттің мемлекеттік сапарын рет-ретімен айтып береміз.

БӘЙШЕШЕК ГҮЛДЕДІ
Шымкентте бәйшешек гүлдеді. «Қылтиып, бүр жара бастаған өсімдік – көктемнің нышаны», — дейді жергілікті жұрт. Қалада күн 17 градусқа дейін жылынып кетті.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал