Жамбыл облысында қатты желден үйлердің шатыры ұшты

Жамбыл облысының Сарысу ауданында қатты жел соғып, біраз үйдің шатырын жұлып әкетті. Көріп тұрғандарыңыздай, дүлей дауыл төбе қаңылтырын қаңбақша ұшырып жатыр. Электр сымдары да үзілген. Мамандардың дерегінше, желдің жылдамдығы секундына 32 метрге жетті. Әзірге зардап шеккендер мен қираған мүлік туралы мәлімет жоқ.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал