Талғарда қызмет бабын асыра пайдаланған екі тергеуші сотталды

Талғарда қызмет бабын асыра пайдаланғаны және міндетіне селқос қарағаны үшін екі тергеуші сот алдында жауап береді. Олардың бейқамдығынан күдікті әйел адамды қорлап, өлтіріп, баласын ұрлаған. Қайғылы оқиға былтыр қыркүйекте Қызылқайрат ауылында болды. Жергілікті көлік жөндеу станциясының жұмысшысы ауыл тұрғынын қорлап, бір ай бойы оны бопсалап, жалаңаш суреттерін жәбірленушінің әріптестеріне таратқан. Кейін ол әйелдің ағасын көшенің қақ ортасында жүрек тұсынан атып, оның екі жасар қызын ұрлап кеткен. Ал тергеушілер дер кезінде арызды қабылдамаған. Жәбірленушінің адвокаты осылай мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір екі учаскелік инспектор өкілетін асыра пайдаланғаны және әрекетсіздігі үшін айыпталуда. Айта кетейік, атышулы іске қатысты сот процесі жабық режимде өтіп жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал