Семейде қоқыстан жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Семейде қоқыстан жаңа туған нәрестенің денесі табылды. 20 жастағы ана қыз баланы үйде босанып, таңға жуық қоқыс жәшігіне тастаған. Шақалақты кездейсоқ тұрғындар байқап, полицияға хабарлаған. Туған баласын далаға тастаған күдікті қамауға алынды. Әзірге келіншектің мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз. Нәресте өлі туды деген дерек те тексеріліп жатыр.
ҚАЙРАТ ӘБДІҒАЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
— Сотқа дейінгі тергеу барысында нәрестенің мәйітін контейнерге тастаған қала тұрғыны анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Нәрестенің мәйіті сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданып, оқиғаға қатысы бар екі тұлғаның әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал