Атырау облысының Құлсары қаласында мектеп оқушысы құрдастарына балта ала жүгірді. Оқыс қимыл кесірінен екі оқушы жеңіл жарақат алды. Оқиғаға сыныптастар арасындағы кикілжің себеп болуы мүмкін. Бұл әзірге болжам. Тәртіп сақшылары жасөспірімді қолға түсіріп, уақытша ұстау изоляторына қамады. Оқиғаға қатысты бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
ҒАЛЫМ БАЙЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Жасөспірімнің ата-анасына қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Қылмыстық іс аясында қылмысқа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы білім беру бөліміне ұсыныс енгізілді. Тергеу қорытындысы бойынша білім беру ұйымының лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ оқу орнын күзетуді жүзеге асырған күзет агенттігі қызметкерлерінің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.