Балалар арасындағы агрессияның артуына не себеп?

«Қазіргі таңда балалар арасындағы агрессияның артуы тікелей бір тараптан емес», — дейді мамандар. Бұл тұста үйдегі ата-ана, мектеп, ортасы және қолындағы гаджет те әсер тигізеді. Виртуалды ортадағы қатыгездік біртіндеп баланың шынайы өміріне ауысып, мінез-құлқының қалыпты үлгісіне айналуы мүмкін. Сол себепті де эмоционалды сауаттылықты, ең алдымен, ата-ана үйретуі тиіс. Яғни үйде үнемі сабырлыққа шақыру керек. Осыған қатысты арнайы маманның пікірін тыңдап көрейік.
АЙГҮЛ АСҚАРҚЫЗЫ, БАЛАЛАР ПСИХОЛОГЫ:
— Бұл, біріншіден, баланың эмоциясын басқара алмауы. Өйткені баланың психикасы әліз. Былай қарағанда, бұл – «мені көріңдер» деген дабыл, айқай. Оның үстіне балалар шамадан тыс телефонда отырып, үнемі агрессивті ойындарды ойнағаны оның шынайы өміріне айналып кетеді. Ол сол қаһармандықты өмірде де қолданып жүреді. Ең бірінші, балада эмоционалды сауаттылықты үйрететін ана. Кейбір аналар баламен ашуланып отырып сөйлеседі ғой. Оны бала норма деп қабылдап қалады. Әрдайым ашулы ата-ананы көріп өскен бала ашулануды норма деп қабылдайды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал