4 ақпан – әлем бойынша ұялы телефоннан бас тарту күні

Бүгін – әлем бойынша ұялы телефоннан бас тарту күні. Бұл бастама адамдарды гаджеттерден бір сәтке алыстап, тірі қарым-қатынасқа көбірек көңіл бөлуге шақырады. Мамандардың айтуынша, телефонды шамадан тыс қолдану күйзеліске, ұйқының бұзылуына және зейіннің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Осыған байланысты бүгін көпшілік әлеуметтік желілерден уақытша шығып, отбасымен және жақындарымен бірге уақыт өткізуге тырысып жатыр. Кей елдерде бұл күні мектептер мен кеңселерде арнайы акциялар ұйымдастырылады. Бастамашылардың мақсаты – цифрлық тәуелділікке назар аударып, салауатты әдет қалыптастыру. Қазір бірқатар ел балаларға интернетті 16 жасқа дейін заңнамалық тұрғыда шектеді. Қазақстанда да осы мәселе күн тәртібінде тұр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал