Қостанай облысында қызылшаның 75 жағдайы тіркелді

Жыл басынан бері Қостанай облысында қызылшаның 75 жағдайы тіркелді. Аурушаңдық жағдайы – 100 мың тұрғынға шаққанда 7 адам. «Бұл дерек былтырғы жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда үш есе көп», — дейді мамандар. Оның үстіне науқастардың 86 пайызы вакцина алмаған. Сондықтан өңірде 6 айлық баладан бастап, қызылшаға қарсы қосымша екпе салу қолға алынды.
Ақтөбе облысында да қызылша дендеп барады. Жыл басынан бері бұл вирусты жұқтырғандар саны жүзден асқан. Қызылшаның асқынуы салдарынан екі бала жансақтау бөліміне түскен. Өңірдегі жұқпалы аурулар ауруханасында қосымша төсек-орын әзірленді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал