Жаңа Конституция жобасында адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық таңдауы ретінде айқындалған. Ата Заңда білім беру, ғылым және инновацияларды ілгерілету Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағыты екені нақты көрсетілген. Себебі бүгінгі қарқынды өзгеріп жатқан әлемде басты ресурс – табиғи байлық емес, адам, оның білімі мен зияткерлік әлеуеті. Осыған байланысты адами капиталды конституциялық деңгейде бекіту елді жаһандық дамудың алдыңғы қатарына шығаруға мүмкіндік береді. Конституция жобасының мәтінін талқылау жалғасып жатыр. Конституциялық комиссияның келесі отырысы 7 ақпанда, яғни ертең өтеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.