Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады. Олардың қатарында министрдің бірінші орынбасары – Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Қаныш Әбубәкіров пен ведомство бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков бар. Ақорда баспасөз қызметі хабарлауынша, кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев генералдарға ведомстводағы жетекшілік ететін бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал