Бүгін асыға күткен ақ Олимпиада басталады. Қазір Миланда әйгілі «Сан-Сиро» стадионында соңғы дайындықтар өтіп жатыр. Шоудың сценарийі дәстүр бойынша құпия сақталуда. Дегенмен салтанатты шарада әлемдік жұлдыз, бес мәрте Grammy сыйлығының иегері Мэрайя Кэри ән айтады. Сонымен қатар әйгілі опера әншісі Андреа Бочелли бой көрсетеді. Жалпы, салтанатты рәсімге 1300-ден астам әртіс пен 700 ерікті қатысады. Шара бүгін 23:55-те басталады. Айта кетейін, дәстүр бойынша елдер делегациясының шеруінде Қазақстан туын шорт-трекші Денис Никиша мен фристайлшы Аяулым Әмренова алып шығады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.