Құлсарыда мектеп оқушысы құрдастарына балта ала жүгірді | 06.02.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРУГЕ ШАҚЫРДЫ
Кісі қолынан қаза тапқан бұрынғы қазақстандық судья Айгүл Сайлыбаеваның оқиғасын тергеу жалғасып жатыр. Азаптау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ал Ресейдің тергеу комитеті марқұмның ата-анасын түсініктеме беруге шақырды. Енді олар екі ойлы болып отыр.

ЕКІ ТЕРГЕУШІ КҮДІККЕ ІЛІНДІ
Талғарда қызмет бабын асыра пайдаланғаны және міндетіне селқос қарағаны үшін екі тергеуші сот алдында жауап береді. Олардың бейқамдығынан күдікті әйел адамды қорлап, өлтіріп, баласын ұрап кеткен. Тергеуге қатысты осындай мәлімет тарады.

ОҚУШЫНЫҢ ОҚЫС ҚИМЫЛЫ
Атырау облысының Құлсары қаласында мектеп оқушысы құрдастарына балта ала жүгірді. Оқыс қимыл кесірінен екі оқушы жарақат алды. Оқиғаға сыныптастар арасындағы кикілжің себеп болуы мүмкін. Бұл – әзірге болжам. Жасөспірімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

ҚЫЗЫЛША ҚАПТАДЫ
Қостанай облысында қызылша белең алды. Ауырғандардың 86 пайызы дертке қарсы екпе алмаған. Сондықтан өңір мамандары қосымша вакцина салу науқанын қолға алды.

АҚЫЛ ҮЙРЕТУГЕ РҰҚСАТ
Әлеуметтік желіде әлденені сандырақтап, әркімге ақыл үйретуге болмайды. Елімізде жұмыс істейтін коучтарға кәсіби стандарт енгізілді. Енді лицензиясы барлар ғана сабақ беріп, курс өткізе алады. Әйтпесе заң алдында жауапқа тартылады.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал